Қызылорда қаласы, О.Жанадилов көшесі 15 мекенжайында орналасқан «Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің Қызылорда қаласының жалпы білім беретін кешкі мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі конкурстық негізде ПЕДАГОГ-ПСИХОЛОГ (оқыту тілі- қазақ-орыс) - 1 (бірлік) штат бос орынға конкурс жариялайды.
Конкурс «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 57 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 96 бірлескен бұйрығы талаптарына сәйкес жүргізіледі.
Конкурсқа қатысушыға қойылатын біліктілік талаптар:
жоғары педагогикалық білімі және (немесе) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі (педагогикалық) білімі немесе педагогикалық қайта даярлығын растайтын құжат, жұмыс стажына талап қойылмайды.
Лауазымдық міндеттері:
оқушылар мен тәрбиеленушілердің психологиялық әл-ауқатын қамтамасыз етуге және қалыпқа келтіруге, олардың әртүрлі өмірлік жағдайларда әлеуметтік-психологиялық бейімделу қабілетін дамытуға, оның ішінде девиантты мінез-құлыққа байланысты мәселелерінде көмек көрсетуге бағытталған қызметті жүзеге асырады;
білім алушылар мен тәрбиеленушілерге бейінді және кәсіби өзін-өзі анықтауда көмек көрсетеді;
білім беру ортасы жағдайында педагогтердің, ата-аналардың және өзге де заңды өкілдердің психологиялық-педагогикалық мәдениетін қалыптастырады және білім беру процесіне қатысушылар арасында толеранттылықты қалыптастыруға ықпал етеді;
инклюзивтілік қағидатын іске асыруға жәрдемдеседі және білім беру процесіне қатысушылардың барлығының мінез-құлқының толерантты мәдениетін қамтамасыз етеді;
білім алушылар мен тәрбиеленушілердің аутодеструктивті және девиантты мінез-құлықтың алдын алу бойынша жұмыс жүргізеді;
білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жай-күйіне психологиялық-педагогикалық диагностика жүргізеді, психологиялық көмек көрсету үшін психологиялық-педагогикалық қорытынды мен ұсынымдар жасайды;
білім алушылардың ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалауға қатысады және білім алушылардың жеке ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін ескере отырып дамыту бағдарламаларын әзірлейді;
әртүрлі психологиялық проблемалары бар балаларға, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға консультациялар, жеке, кіші топтық және топтық дамыту сабақтары түрінде психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетеді;
дарынды білім алушыларға психологиялық қолдауды жүзеге асырады;
білім беру іс-әрекетіндегі қиындықтарға байланысты психологиялық проблемаларды шешуде білім алушыларға, тәрбиеленушілерге, педагогтерге, ата-аналарға немесе өзге де заңды өкілдерге консультациялық көмек және психологиялық қолдау көрсетеді;
педагогикалық ұжымға, сондай-ақ білім алушылардың және тәрбиеленушілердің жеке және әлеуметтік даму мәселелері бойынша ата-аналарға немесе өзге де заңды өкілдерге ұсынымдар әзірлеу мақсатында ұйымдастырушылық-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмыс жүргізеді;
белгіленген нысан бойынша құжаттаманы жүргізеді, педагогикалық, әдістемелік кеңестердің жұмысына, ата-аналар жиналыстарын, тәрбиелеу және білім беру ұйымының жұмыс жоспарында көзделген басқа да іс-шараларды өткізу жөніндегі жұмысқа қатысады;
педагогика, психология және психотерапия бағыттары бойынша кәсіби құзыреттілікті үздіксіз арттырады, білім алушылар мен тәрбиеленушілерді психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу әдістері мен технологияларын қолданады;
Баланың құқықтарын қорғау жөніндегі конвенцияға және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жеке адамның құқықтарын қорғауға жәрдемдеседі;
білім алушылар мен тәрбиеленушілердің оқу-танымдық іс-әрекетіндегі қиындықтарды жеңу бойынша ұсынымдар әзірлеуді жүзеге асырады;
кәсіби қызмет барысында білім беру қызметінің психологиялық-педагогикалық принциптерін басшылыққа алады;
білім алушылардың жас ерекшеліктерін және келіп түсетін сұраныстарды ескере отырып, диагностика жүргізу үшін жол берілетін әдістер мен әдістемелерді айқындайды;
жалпы білім беру бағдарламаларын игерудегі психологиялық, әлеуметтік немесе физиологиялық қиындықтардың себептерін саралайды;
білім алушы мен тәрбиеленушінің жеке басының ерекшеліктеріне психологиялық зерттеу жүргізеді, психоэмоционалды жай-күйін және оны тұрақтандыру мүмкіндіктерін талдайды;
жеке немесе топтық түзету, дамыту және мотивациялық сабақтар немесе тренингтер өткізеді;
білім алушылар мен тәрбиеленушілердің оқу-танымдық қызметі мен әлеуметтенуіндегі өзгерістер динамикасының мониторингіне қатысады;
білім алушы мен тәрбиеленушінің оқу-танымдық қызметіндегі және әлеуметтенуіндегі қиындықтарды еңсеру бойынша білім беру ұйымының өз ішінде және одан тыс тиісті бейіндегі мамандармен өзара іс-қимыл жасайды.
Білуге тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Кемтар балаларды әлеуметтік медициналық-педагогикалық және түзеу арқылы қолдау туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңдары және Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілері;
өмірлік қиын жағдайда қалған балаларға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтердің мемлекеттік стандарттары;
арнайы педагогика;
оқу-тәрбие процесін жобалау және ұйымдастыру негіздері;
арнайы білім беру саласындағы жаңа жетістіктер;
педагогикалық этиканың нормалары;
еңбек заңнамасының негіздері, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидалары, санитариялық қағидалар.
Лауазымдық жалақысы біліктілік санатына сәйкес есептеледі.
Конкурсқа қатысу үшін тапсырылатын құжаттар:
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде мынадай құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:
1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) Үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу( тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
7) психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары бар аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;
8) наркологиялық аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;
9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
10) ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша сертификаттау нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератор немесе педагог-сарапшы немесе педагог-зерттеуші немесе педагог-шебер біліктілік санатының болуы туралы куәлікті (бар болса) немесе CELTA (Certificate in English Language Teaching to Adults. Cambridge) PASS A; DELTA (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above немесе IELTS (IELTS - айелтс) – 6,5 балл; немесе тойфл TOEFL (іnternet Based Test (іBT)) – 60-65 балл көрсеткіші бар сертификат;
11) осы Қағидаларға 12, 13-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы;
12) жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша), оқу орнынан ұсыным хат.
Конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдау конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған соңғы күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде (2025 жылғы 4 қыркүйек сағ. 18.00-ге дейін) «Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің Қызылорда қаласының жалпы білім беретін кешкі мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде электрондық немесе қағаз түрінде қабылданады.
Конкурс «Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің Қызылорда қаласының жалпы білім беретін кешкі мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде өткізіледі.
Көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды кандидатқа қайтару үшін негіз болып табылады.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын лауазымдық міндеттері мен біліктілік талаптары туралы қосымша анықтаманы ««Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің Қызылорда қаласының жалпы білім беретін кешкі мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінен алуға болады. Тел. 87776109330
|
|
Мемлекеттік білім беру |
|
|
Нысан |
Педагог бос немесе уақытша бос лауазымына өтілі бар кандидаттың бағалау парағы __________________________________________________________________ (Т.А.Ә. (бар болса))
|
№ |
Өлшемшарттар |
Растайтын құжат |
Балл сандары (1-ден 30-ға дейін) |
|
1. |
Білім деңгейі |
Білімі туралы дипломның және дипломға қосымшаның көшірмелері |
Техникалық және кәсіптік - 1 балл Жоғары - 2 балл Жоғары үздік - 3 балл |
|
2. |
Ғылыми атағы/ ғылыми дәрежесі/ дәрежесі |
Білімі туралы дипломның және дипломға қосымшаның көшірмелері/ ғылыми атағын/ ғылыми дәрежесін/дәрежесін беру туралы аттестат |
PhD докторы - 15 балл Ғылым докторы, Ғылым кандидаты, профиль бойынша докторы - 10 балл Педагогикалық бағыты бойынша магистрі - 5 балл |
|
3. |
Біліктілік санаты |
Куәлік, басқа құжат |
Педагог- 2 балл Педагог-модератор - 3 балл Педагог-сарапшы - 5 балл Педагог-зерттеуші - 7 балл Педагог-шебер - 10 балл Басшының үшінші біліктілік санатындағы орынбасары - 5 балл Басшының екінші біліктілік санатындағы орынбасары - 6 балл Басшының бірінші біліктілік санатындағы орынбасары - 7 балл |
|
4. |
Әкімшілік және әдістемелік қызметтегі жұмыс тәжірибесі |
Еңбек кітапшасы/еңбек қызметін алмастыратын басқа да құжат |
Әдіскер, лауазымдағы жұмыс өтілі кемінде 2 жыл- 2 балл Әдіскер, лауазымдағы жұмыс өтілі төрт жылдан көп - 3 балл Директордың орынбасары, лауазымдағы жұмыс өтілі кемінде 2 жыл- 3 балл Директордың орынбасары, лауазымдағы жұмыс өтілі төрт жылдан көп - 4 балл Директор, лауазымдағы жұмыс өтілі кемінде 2 жыл - 4 балл Директор, лауазымдағы жұмыс өтілі 4 жылдан көп - 5 балл |
|
5. |
Бұрынғы жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша) ұсыным хат |
Ұсыным хат (педагог лауазымы бойынша соңғы жұмыс орнынан) |
Оң ұсыным хаттың болуы - 3 балл |
|
6.* |
Соңғы 3 жылдағы кәсіби жетістіктерінің көрсеткіштері |
- олимпиадалар мен конкурстар жеңімпаздарының дипломдары, грамоталары, білім алушылардың ғылыми жобалары; - олимпиадалар мен байқаулар жеңімпаздарының дипломдары, грамоталары |
1) қалалық/аудандық олимпиадалар мен конкурстардың жеңімпаздары - 0,5 балл облыстық - 1 балл, республикалық - 2 балл, халықаралық - 3 балл; 2) ғылыми жобалар: қалалық/аудандық - 0,5 балл, облыстық - 1 балл, республикалық - 2 балл, халықаралық - 3 балл; 3) "Үздік педагог" конкурсына қатысушы - 1 балл; 4) "Үздік педагог" конкурсының жеңімпазы - 5 балл. |
|
7. |
Қоғамдық-педагогикалық қызметі |
Қоғамдық-педагогикалық қызметін растайтын құжат (бұрыңғы жұмыс) |
Тәлімгер - 0,5 балл; Әдістемелік бірлестігінің басшысы - 2 балл; |
|
8**. |
Курсқа дайындық |
- пәндік даярлық сертификаттары; - цифрлық сауаттылық сертификаты, ҚАЗТЕСТ немесе QAZAQ RESMI TEST; IELTS; TOEFL; DELF сертификаттары; Goethe Zertifikat, "Python тілінде бағдарламалау негіздері" бағдарламалары бойынша оқыту, "Microsoft" Курсера жұмыстарына оқыту Халықаралық курстар: TEFL Cambridge "CELTA (Certificate in Teaching English to Speakers of Other Languages)" CELT-P (Certificate in English Language Teaching – Primary) DELTA (Diploma in Teaching English to Speakers of Other Languages) CELT-S (Certificate in English Language Teaching – Secondary) "TKT Teaching Knowledge Test" Certificate in EMI Skills (English as a Medium of Instruction) Teacher of English to Speakers of Other Languages (TESOL) "TESOL" Certificate in teaching English for young learners International House Certificate in Teaching English as a Foreign Language (IHC) IHCYLT - International House Certificate In Teaching Young Learners and Teenagers Becoming a Better Teacher: Exploring Professional Development Assessment for Learning: Formative Assessment in Science and Maths Teaching Online Teaching for Educators: Development and Delivery Educational Management Key Ideas in Mentoring Mathematics Teachers Курсы на платформе Coursera, Futute learn Teaching Mathematics with Technology Special Educational Needs "Developing expertise in teaching chemistry" |
біліктілікті арттыру ұйымдары іске асыратын білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісілген бағдарламалар бойынша біліктілікті арттыру курстары - 0,5 балл (әрқайсысы бойынша жеке) |
|
Барлығы: |
|
||
* 6-тармақта жеңімпаздар санына қарамастан, соңғы 3 (үш) жылдағы олимпиадалар мен конкурстардың әрбір деңгейі (қалалық/аудандық) бойынша 0,5 балл ескеріледі, облыстық олимпиадалар мен конкурстардың жүлдегерлері - 1 балл, республикалық - 2 балл, халықаралық - 3 балл;
ғылыми жобалар: қалалық/аудандық - 1 балл, облыстық - 1 балл, республикалық -2 балл, халықаралық – тиісінше 3 балл;
республикалық олимпиадалар мен конкурстардың жүлдегерлері - 3 балл.
** 8-тармақта соңғы 3 (үш) жылдағы біліктілікті арттыру ұйымдары іске асыратын білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісілген бағдарламалар бойынша біліктілікті арттыру курстары - 0,5 балл (әрқайсысы бойынша жеке).
|
|
Мемлекеттік білім беру |
|
|
Нысан |
Педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына өтілі жоқ кандидаттың бағалау парағы _______________________________________________________________________ Т.А.Ә. (бар болса)
|
№ |
Өлшем шарттар |
Растайтын құжат |
Балл сандары |
|
1. |
Білім деңгейі |
Білімі туралы дипломның және дипломға қосымшаның көшірмелері |
Техникалық және кәсіптік - 1 балл Техникалық және кәсіптік үздік - 2 балл Жоғары - 3 балл Жоғары үздік -4 балл |
|
2. |
Ғылыми атағы/ ғылыми дәрежесі/ дәрежесі |
Білімі туралы дипломның және дипломға қосымшаның көшірмелері/ ғылыми атағын/ ғылыми дәрежесін/дәрежесін беру туралы аттестат |
PhD докторы - 15 балл Ғылым докторы, ғылым кандидаты, профиль бойынша докторы - 10 балл Педагогикалық бағыты бойынша магистрі - 5 балл |
|
3. |
Сертификаттаудан өту нәтижелері |
Сертификат |
50 % - 2 балл 60-80 % - 4 балл 80-100% – 6 балл |
|
4. |
Педагогикалық/ кәсіби практика нәтижелері |
Білімі туралы дипломға қосымша |
"3" – 2 балл "4" – 3 балл "5" – 4 балл |
|
5. |
Оқу орнынан ұсыным хат |
Ұсыным хат |
Оң ұсыным хаттың болуы - 3 балл |
|
6. |
Волонтерлік жұмысқа қатысу |
Қатысу құжаты |
1 балл |
|
7. |
Педагогикалық қызмет туралы жарияланымы бар интернет бетін, әлеуметтік желіде парақшаларын жүргізу (авторлық ғылыми жобалар, сабақтар, семинарлар) |
Сілтемелер |
1 жылға дейін -1 балл 1 жылдан 3 жылға дейін -2 балл 3 жылдан жоғары -3 балл |
|
8. |
Жазғы лагерьлердің жұмысына қатысу |
Қатысу құжаты |
2 балл |
|
9. |
Оқу орындары бойынша конкурстарға қатысу (ғылыми жобалар, шығармашылык және т.б.) |
Қатысу құжаты |
Әрбір қатысқаны үшін 1 балл, бірақ 4 балдан аспайды |
|
10. |
ҚАЗТЕСТ немесе QAZAQ RESMI TEST; IELTS; TOEFL; DELF; Goethe Zertifikat сертификаттары, "Python бағдарламаның негіздері", "Microsoft-та жұмыс істеуге үйрету" бағдарламалары бойынша оқыту Курсера Халықаралық курстар: TEFL Cambridge "CELTA (Certificate in Teaching English to Speakers of Other Languages)" CELT-P (Certificate in English Language Teaching – Primary) DELTA (Diploma in Teaching English to Speakers of Other Languages) CELT-S (Certificate in English Language Teaching – Secondary) TKT"Teaching Knowledge Test Certificate in EMI Skills (English as a Medium of Instruction)" Teacher of English to Speakers of Other Languages (TESOL) "TESOL" |
Сертификат |
1 балл (әрқайсына бөлек) |
|
Барлығы: |
|
||