Персоналды басқару.
«Қызылорда қаласы жалпы білім беретін кешкі мектепте» жалпы қызметкерлер саны –20. Оның ішінде педагог қызметкерлер бойынша – 15, техникалық қызметкер - 3, 1 кітапханашы және 1 қызметкер бала күтімінде.
Педагог-зерттеуші - 1, педагог сарапшы - 5, педагог-модератор - 4, бірінші санатты - 2, екінші санатты - 2, санаты жоқ- 1. Жоғары білімді - 15. Педагогика ғылымының магистрі – 4
Кешкі мектептегі оқу-тәрбие жұмысының ерекшелігі
Кешкі (ауысымды) мектеп жұмыс істейтін және жұмыс істемейтін Қазақстан Республикасының азаматтарына, сонымен қатар, шетелдік азаматтарға (Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы аясында) негізгі орта және жалпы орта білім алуға мүмкіндік береді («Білім туралы» ҚР Заңы, 3-бабы, 1-т., 1,3-т., 47-бап, 1-т.; «Жалпы білім беру ұйымдарының (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру) түрлері бойынша қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2013 жылғы 17 қыркүйектегі № 375 бұйрығы, 4-б., 41-т.).
Ұлттық білім беруді жаңғырту, орта білім берудің ұлттық моделін құру, білімге бағдарланған парадигманы белсенділікке айналдыру, мектептегі білім берудің мазмұнын түбегейлі өзгерту және жаңарту, ең алдымен, барлық азаматтарға сапалы білім алуға және қоғамда сәтті қарым-қатынас жасау мүмкіндігін қамтамасыз етуге бағытталған.
Дегенмен, қазіргі уақытқа дейін әртүрлі себептермен оқу процесінен тыс қалған азаматтардың санаты бар. Осындай адамдарды білімге тарту, мемлекет азаматтарының жалпы білім деңгейін көтеру мақсатында кешкі мектептер жұмыс жасайды, негізгі контингенті жұмыс істейтін ересектер мен 15 жастан асқан жасөспірімдер, қиын жағдайға тап болған, сондықтан күндізгі жалпы білім беретін мектептерде білім алмаған, кешкі мектептен білім алуға құқылы.
Кешкі мектептегі оқу процесі білім беру деңгейіне сәйкес жүзеге асырылады:
1) негізгі орта білім (меңгеру мерзімі – 1 жыл: 9-сыныптар);
2) орта жалпы білім (меңгеру мерзімі – 2 жыл: 10, 11 (12) сынып). «Жалпы білім беру ұйымдарының (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру) түрлері бойынша қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2013 жылғы 17 қыркүйектегі № 375 бұйрығы, 4-б., 63-б.).
Кешкі мектепке 15 жасқа толған, оқуға тілек білдірген азаматтар және ерекше жағдайларда, кешкі мектепке қалалық және аудандық Әкімдіктер жанында кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия шешімімен жіберілген тұлғалар қабылданады. (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 17 қыркүйектегі №375 бұйрығы)
Кешкі мектеп білім алушылар контингенті күрделілігімен ерекшеленеді: ол жас ерекшелігі, білімділік және білім алу деңгейі, әлеуметтік және отбасылық жағдайы, мектептен тыс жұмыспен қамтылу дәрежесі мен сипаты, қабылдау, есте сақтау, көңіл бөлу, уәждеме және басқа да белгілері бойынша біркелкі еместігі.
Негізгі орта және жалпы орта мектеп курсы бойынша оқу бағдарламаларын меңгеруі бітірушілердің міндетті қорытынды аттестаттауды тапсыруымен аяқталады. Қорытынды аттестаттаудан өткен кешкі мектеп бітірушілеріне білім деңгейіне сай мемлекеттік үлгідегі құжат беріледі.
Кешкі мектептегі оқу жылының ұзақтығы күндізгі оқу түрінде - 34 аптаны құрайды.
Кешкі мектептің негізгі міндеті – «қиын» жасөспірімдерді әлеуметтік және психологиялық оңалту және бейімдеу. Кешкі мектепке түрлі себептермен, мысалы, педагогикалық қараусыздықтан, денсаулығынан, оқуға ынтасының болмауынан, отбасындағы ауыр тұрмыстық жағдай және т.б. себептермен жалпы білім беретін мектептерде, колледждерде оқи алмаған балалар қабылдануда.
Штаттық кесте бойынша:
- Директор - 1 бірлік
- Орынбасар- 0,5 бірлік
- Педагог- психолог -1 бірлік
- Шаруашылық меңгерушісі- 1
- Бухгалтер- 1
- Медсестра -0,5
- Кітапханашы – 0,5
- Іс –қағаздарын жүргізуші – 0,5 /Барлығы: 6
«Ұлағат» әкелер кеңесінің ережесі
- Жалпы ережелер
1.1. Мектеп Әкелер кеңесінің ережесі ҚР «Білім беру» Заңы, ҚР «Бала құқығы» Заңы, ҚР «Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу» Заңдарын негізге ала отырып жасалды.
1.2. Әкелер кеңесі қызметі Қазақстан Республикасының заңдары мен нормативті-құқықтық актілерімен іске асады.
1.3. Әкелер кеңесі мектептің ата-аналар жиналысының бөлімі болып табылады.
- Мақсаты мен міндеттері
2.1. Әкелер кеңесін құрудың мақсаты отбасылық құндылықтарды сақтау, әкелердің бала тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттыру, ата-аналардың жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу шараларын ұйымдастырудағы рөлін арттыру.
2.2. Өз қызметінде Әкелер кеңесі келесі міндеттерді шешеді:
2.2.1. Тәрбие процесін ұйымдастыруда және басқаруда мектепке көмек көрсету.
2.2.2. Отбасылық тәрбиенің жақсы жақтарын насихаттау
2.2.3. Өскелең ұрпақты тәрбиелеуде және білім беру мекемелерінде балалардың қауіпсіздігін сақтау шараларын ұйымдастыру.
- Әкелер кеңесінің құзіреті
3.1 Әкелер кеңесі құзіретіне кіреді:
- оқушылармен жүргізілетін тәрбие жұмыстарында қоғамдық бақылауды ұйымдастыру;
- өмірлік қиын жағдайға тап болған ата-аналармен, оқушылармен қоғамға жат әрекеттер мен құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында түсініктеме жүргізу;
- педагог қызметкерлерге ішімдікке, темекі тартуға, қоғамға қарсы жат мінез құлықтар көрсетудің алдын алу шараларын ұйымдастыруда көмек көрсету;
- кеңеске жергілікті басқару мекемесінен, қоғамдық ұйымдардан өкіл, жеке кәсіпкерлерді, бұқаралық ақпарат қызметкерлерін шақыру;
- Әкелер кеңесінің құқығы мен жауапкершілігі
4.1. Әкелер кеңесінің құқығы:
- жасөспірімдердің қоғамға қарсы әрекеттерімен, қиын отбасылармен жұмыс істеуге, шешімдер шығаруға;
- жасөспірімдердің құқығы мен заңды қызығушылықтарын қорғауда өз көзқарастарын кіргізе алады;
- жасөспірімдерді қоғамға жат мінез құлық көрсетуге, құқық бұзуға тартатын ұйымдарды, жеке адамдарды жауапкершілікке тарту мақсатында мемлекеттік орындарға шағым жасауға;
- сұрақтарға жауап беру үшін әкелер кеңесі құқық қорғау қызметкерлері, қамқоршы және қорғаншы орындарынан сұрақтарға жауап беру үшін қызметкерлер шақыра алады;
- әкелер кеңесі қабылдаған шешіммен барлық қызығушы адамдар мен жергілікті өзін-өзі басқарушы мекемелер таныса алады.
- Әкелер кеңесі мүшелері
5.1.Әкелер кеңесі мүшесі болып ата-аналар ұсынған (заңды өкілдері) әкелер бола алады.
5.2. Әкелер кеңесі шақыруымен әкелер кеңесі жұмыстарына жергілікті өзін-өзі басқару мекемелері, ОВД инспекторы, қамқоршылық бөлімінен қызметкерлер қатыса алады.
5.3. Әкелер кеңесінде дауысты тек әкелер кеңесі мүшелері, инспекторы, қамқоршылық бөлімі өкілі бере алады.
5.4. Отырысты бірінші жиналыста көп дауысқа ие болып сайланған председатель жүргізеді.
5.5. Хаттама жазу үшін кеңес мүшелері ішінен хатшы сайланады.
- Әкелер кеңесі жұмысын ұйымдастыру және жүргізу
6.1 Әкелер кеңесі отырысы жылдық жоспар бойынша өткізіледі немесе кезектен тыс мәселелерді шешуде жылына 2-ден кем емес.
6.2 Әкелер кеңесі мүшелері мектеп бұйрығымен бекітіледі.
6.3 Әкелер кеңесі отырысы мүшелерінің 2/3 бөлігі жиналғанда өкілетті болып табылады.
6.4 Әкелер кеңесі шешімін мүшелерінің 50 пайызы дауыс берілгенде қабылданады.
6.5 Әкелер кеңесі хаттамамен рәсімделеді, онда уақыты, қанша адам жиналғаны және қаралған мәселелер көрсетіледі
6.6 Әкелер кеңесі отырысының хаттамасына төраға мен хатшы қол қояды.
Қызылорда қаласы жалпы білім беретін кешкі мектебінің
«Ұлағат» әкелер кеңесінің жұмыс жоспары 2021-2022 оқу жылы
|
№ |
Іс-шаралар |
Мерзімі
|
Жауаптылар |
|
1 |
«Ұлағат» әкелер кеңесінің жоспарын бекіту. |
Қыркүйек |
Әкелер кеңесің төрағасы: Елебаев Марат |
|
2 |
Әкелер кеңесі мәжілісін өткізіу. |
Тоқсанына 1 рет |
Әкелер кеңесі мүшелері |
|
3 |
Жалпы мектепішілік іс-шаралар кезінде ерікті жасақтың кезекшілігін ұйымдастыру. |
Мектеп жоспары бойынша |
Әкелер кеңесі мүшелері |
|
4 |
Оқушыларды тәрбиелеу мәселелері бойынша әкімшілік жиналыстарға қатысу. |
Тоқсанына 1 рет |
Әкімшілік, әкелер кеңесі мүшелері |
|
5 |
Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру рейдтері |
Айына 1 рет |
Әкелер кеңесі мүшелері |
|
6 |
«Сәтсіз» отбасыларды; мектепішілік есепте тұрған оқушылармен құқық бұзушылықтардың алдын-алу жөніндегі әңгімелер жүргізіп, балалардың отбасын аралау. |
Жыл бойы |
Әкімшілік, әкелер кеңесі мүшелері Т.Насибеков |
|
7 |
Мектеп ережесін бұзушы балалармен алдын-алу жұмыстары. |
Уақытында |
Әкелер кеңесі мүшелері |
|
8 |
Ер балалармен темекі шегудің, ішімдіктің, нашақорлықтың зияны туралы алдын-алу әңгімелері (мамандармен кездесу ) |
Жыл бойы |
Әкелер кеңесі мүшелері |
|
9 |
Оқушылардың денсаулықтарын сақтау жұмыстарына ықпал ету, оларды салауатты өмір салты құндылықтарына тарту. |
Спорттық іс-шаралар жоспары бойынша |
Әкелер кеңесі мүшелері |