Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

Мен Утегенов Багдат Конысбаевич 1977 жылы 18 тамызда Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Таң ауылында дүниеге келдім. Ұлтым қазақ.

Педагогикалық қызметтегі жалпы еңбек өтілім 26 жыл, басшылық қызметтегі еңбек өтілім 7 жыл. Білімім жоғары.

1992-1996 жылдары Қызылорда қаласы, М.Мәметова атындағы педагогикалық колледжі, 1997-1998 жылдары Қорқыт Ата атындағы мемлекеттік университетін және 2008-2011 жылдары М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін бітірдім.

 Еңбек жолым 1996 жылы Жалағаш ауданы, Далдабай ауылы №115 орталау мектебінде және Таң ауылында №118 орта мектеп бастауыш пән мұғалімі қызметінен бастадым.

2001 жылы Қызылорда қаласы №187 орта мектебінде дене шынықтыру пән мұғалімі атқардым.

2008 жылы Қызылорда қаласы №222 мектептің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болып сайландым.

2010 жылы Қызылорда қаласы №6 орта мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарадым.

2013-2016 жылдар арасында Қызылорда қалалық білім бөлімінің әдіскері, 2016 жылы «Сырдария» сауықтыру лагерінің директоры міндетін уақытша атқарушы қызметінде жұмыс жасадым.

2016-2023 жылдары Қызылорда қалалық білім бөліміне қарасты №145 орта мектептің директоры қызметін атқардым.

2023 жылдың 17 сәуір күнінен бастап Қызылорда қалалық білім бөліміне қарасты жалпы білім беретін кешкі мектеп директоры қызметін атқарудамын.

Әскери міндеттімін, отбасылық жағдайыма байланысты Қарулы күштер  қатарында қызметте болғаным жоқ.

Жұбайым Тилесова Жадыра Уалибкекқызы 05.12.1976 жылы Қызылорда қаласында, Жалағаш ауданы, Аққыр ауылында дүниеге келген. Жұмыс орны Қызылорда облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында медбике. Ұлты қазақ.

Отбасылымын, 3 қыз тәрбиелеп отырмын.

Қонысбай Гүлжамила Бағдатқызы 18.07.2000 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. Алматы қаласында Қазақ ұлттық қыздар университетінде студент.

 

Қонысбай Нұрайым Бағдатқызы 20.06.2004 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. Қостанай қаласында педагогикалық колледжді бітірді.

Өтегенова Айзере Бағдатқызы 01.03.2016 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. №6 мектептің 1 сыныбында оқиды.

Әкем Утегенов Қонысбай Елемесович 01.01.1952 жылы Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Таң аулында дүниеге келген, дербес зейнеткер.

Анам Тәжибаева Несибили Тәжибаевна 18.07.1956 жылы Қызылорда облысы, Жалағаш ауданында дүниеге келген, дербес зейнеткер.

Өзімнен кейін үш қарындасым бар. Отбасылы бөлек тұрады.

Өтегенова Тогжан Конысбаевна 04.04.1980 жылы Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Таң аулында дүниге келген. Отбасылы Тараз қаласында тұрады.

Өтеген Дина Қонысбайқызы 05.01.1982 жылы Жалағаш ауданы, Таң ауылында дүниеге келген. Қызылорда қаласы №222 мектепте мұғалім.

Өтегенова Айкерім Қонысбайқызы 04.04.1988 жылы Қызылода облысы, Жалағаш ауданы, Таң ауылында дүние келген. Отбасылы. Қостанай қаласынада №20 М. Хәкімжанов атындағы мектепте мұғалім.

Отбасымдағы жақын туыстарым қылмыстық жауапкершілікке тартылмаған, азаматтығын өзгертпеген.

 

 

Пікірлер қосу

Қорғаныс коды